Қоғам • 09 Мамыр, 2024

Астанда LRT құрылысында кран құлады

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада  Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында салынып жатқан LRT құрылыс алаңында кран құлап кетті. ТЖМ зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Астанда LRT құрылысында кран құлады

Фото: Aibek Imankozhoyev

Бүгін сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран «Времена Года» тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған.

«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың болжамды себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», делінген Астана қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.