Аудан орталығы – Тереңкөлде жаңа балабақша ашылды. Көптен күткен қуанышты балалар мен ата-аналар үшін «НВС Строитель» серіктестігі сыйға тартты. Құрылысшылар бұрынғы интернат үйін күрделі жөндеуден өткізіп, қайта жаңартты. Балабақшаның ерекшелігі сол, мұнда кішкентайлар 1,5 жастан 3 жасқа дейін қабылданады. Тәрбиешілер бөбекжай деп атайды.
Қазір аудан орталығының 33 тұрғыны үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Яғни балабақшада білімді, білікті тәрбиешілер қызмет ете бастады. Тағы бір қуантарлығы сол, қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшаға балаларын жетектеп өзге ұлт өкілдерінің ата-аналары да келді. Осы жерде туып-өскен олар мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп саналы түрде түсінеді.
Сөйтіп, 90 баланың 27-сін өзге ұлт өкілдерінің балалары құрап отыр. Мысалы, Слава Рыбалконың шешесі Елена кәсіпкер, Никита Диденконың анасы Валентина болса біздің әріптесіміз, аудандық «Заря» газетінің редакторы, Ксения Бурошкина мен Богдан Ефименконың аналары Наталья мен Татьяна аудандық ауруханада медбикелер, Елизавета Кулистің анасы Наталья аудандық пошта бөлімінде, Кириил Дударевтің анасы Оксана кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді екен.
– Бұл – ата-аналардың отбасылық шешімдері. Мұны кішкентай балаларымыздың әке-шешелерінің өздері тұрып жатқан туған Отандарына, ауылдарына деген құрметі деп түсінеміз. Еліміздің болашағы – қазақ тілінде, балаларымызды балабақшадан бастап қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелейтін боламыз. Елбасының саясатын қолдайтын тату тірлікте өмір сүріп жатқан біздің ауданымыздағы өзге ұлт өкілдерінің бір ел, бір тағдыр дейтін ниет-пейілдері ұзағынан болсын, – дейді «Талбесіктің» меңгерушісі Гүлбаршын Бақытқызы.
Кішкентайлар енді «Келешек» бағдарламасы арқылы тәрбиеленеді. Аудан орталығында «Талбесіктен» басқа, «Ақбота», «Балдәурен» балабақшалары да бар. Еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бері аудан орталығының атауы өзгеріп, Тереңкөл аталды, жаңа заманға сай салынған қазақ мектебі бой көтерді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Қашыр ауданы.
• 13 Қаңтар, 2015
Никита, Ксения және Богдан қазақ балабақшасына келді

Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 15:58
Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты
Қоғам • Бүгін, 15:54
Швейцарияның SWISS ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 15:25
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:15
Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04