Қоғам • 13 Мамыр, 2024

«AM Best» агенттігі «Халық-Life»-тың үздік рейтингін растады

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«AM Best» агенттігі «B++» («Good»)  деңгейінде қаржылық тұрақтылығының рейтингін және «Халық-Life» АҚ «bbb» («Good»)  деңгейінде ұзақ мерзімді эмитенттің рейтингін растады.   Рейтинг мәліметінің болжамы бойынша «Тұрақты» боп танылды.  

«AM Best» агенттігі «Халық-Life»-тың үздік рейтингін растады

Рейтингтер «Халық-Life» АҚ балансының тұрақтылығын көрсетеді. AM Best  «Халық-Life» АҚ компаниясының жоғарғы операциялық көрсеткіштерін, шағын бизнес пішінін және корпоративті тәуекелдерді басқаруын үздік деп таныды.

Кредитті рейтингті растау – біздің компанияның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші. «Бұл жетістікпен мақтан тұтамыз, себебі біздің клиенттеріміз бізге өмірлерін сеніп сақтандырды.

Сақтандыру шартына жаңадан отыратын клиенттеріміз үшін біз ұзақ жылдар бойы өз міндеттерімізге берік екенімізді көрсетеміз»,  деді басқарма төрайымы Ж.А.Жұбаниязова.

Best's Capital Adequacy Ratio (BCAR) көрсеткішіне сәйкес «Халық-Life» АҚ капиталы жеткілікті, балансының тұрақтылығына негізделеді. 2022 жылдың соңындағы көрсеткіштер BCAR аудиттелген қаржылай есеп беруіне негізделген, МСФО стандарттарына сай үздік бағасын алды.

Бұл көрсеткіштер келешекте де өз орнын сақтап қалады деп күтілуде, себебі компанияның операциялық қызметінің жоғарғы нәтижесі және дивиденд саясаты жоғарғы деңгейде деп танылды. Компанияның жобаларын іске асыруына жеткілікті  қаражатты сақтап қалу дивиденд саясатына тікелей байланысты. «Халық-Life» АҚ инвестициялық портфеліндегі активтер консервативті түрде бөлінген: шамамен 90 пайызын табысты құнды қағаздар, ақша және банк депозиттері құрайды.

Соңғы жылдары «Халық-Life» АҚ операциялық көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы компанияның жекеменшік капиталы 35,6% құрады (2021 ж.: 21,8%).  AM Best «Халық-Life» АҚ жоғарғы операциялық көрсеткішін сақтап қалады деп сенеді.

«Халық-Life» АҚ Қазақстандағы өмір сақтандыру нарығының көшбасшысы.

«Халық-Life» - АҚ  «Қазақстанның Халық банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы.  2023 жылдың нәтижесінде Қазақстанның «өмір сақтандыру» саласының қаржылық көрсеткіші бойынша үздік боп танылды. Сақтандыру сыйақыларының мөлшері 165 млрд теңге, сақтандыру өтемақылар 26,3 млрд теңгені құрады. 01.01.2024 жылындағы Компания активтері 365,2 млрд теңге, жеке капитал 96,9 млрд теңгені құрайды. «Халық-Life» сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мүшесі. Компанияның жалғыз акционері – Қазақстан Халық банкі.  Сақтандыру қызметінің лицензиясы 2006 жылы берілді,  жаңа өнім алғаны үшін  28.12.2022 жылы жаңартылды.

AM Best – халықаралық рейтинг агенттігі, жаңалықтар баспагері және сақтандыру саласына негізделген аналитикалық мәліметтер ұсынушы. АҚШ-та штаб-квартирасы бар AM Best компаниясы дүниенің 100 мемлекетінен астам  жерде қызмет атқаруда. Лондон, Амстердам, Дубай, Гонконг, Сингапур және  Мехико қалаларында офистері бар.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024