Аймақтар • 13 Мамыр, 2024

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды, полиция істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

Белгілі болғандай, Алматыда ер адам мен автобус жүргізушісі арасында жанжал шыққан, салдарынан жүргізуші зардап шеккені анықталды.

- Суық қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар арасында жанжал шыққан, содан кейін олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленді"\, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, оқиғаның өзге мән-жайы анықталып жатыр.