Қоғам • 14 Мамыр, 2024

«Полиция көлікті соғып тоқтатқан». Министрлік түсініктеме берді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде полицейлер жол бойында қызметтік көлікпен келесі машинаны соғып тоқтатқан видео тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

«Полиция көлікті соғып тоқтатқан». Министрлік түсініктеме берді

Фото: polisia.kz

Төтенше оқиға 9 мамыр күні болған. Мас күйдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған.

Алда болуы ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, нәтижесінде көліктер соқтығысқан.

«Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы хабар түсті. Рөлдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату үшін жолын жаптық. Бұны жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қатысуымен қайғылы салдарды болдырмау мен азаматтардың амандығы үшін жасадық», деді офицерлер.

Көлікті масаң хәлде басқарғаны және полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ұрланған көлікті тізгіндеген ер адам жауапқа тартылды.

ІІМ автокөлікті ұрлау фактісін Түркістан облысының тәртіп сақшылары тергеп жатқанын мәлім етті.