Үкімет • 16 Мамыр, 2024

Есепке алудың электронды жүйесі

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте шаруашылықтар бойынша есепке алудың электронды жүйесінде деректерді жаңарту жөніндегі жұмыстың аралық қорытындылары қаралды.

Есепке алудың электронды жүйесі

Фото: kaz.inform.kz

Мал мен құс бойынша ақпаратты алдын ала талдау нәтижесі әкімдіктер жұмысты тиімді жүргізбегенін көрсетті.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кейбір өңірде деректерді бұрмалау фактілері бар екенін айтты. Жуырда ветеринарлық инспекторлар екі облыстың жекелеген ауылдарын аралап, электронды жүйедегі ақпаратта нақты мал санынан 30-70% айырмашылық бар екенін анықтаған.

Кеңесте ірі қара малдың сүтті және аралас тұқым­дарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев сөз сөйледі. Палатаның мәліметінше, елімізде 2,2-2,5 млн литрге жуық сүт өндіріледі. Ал ресми статистика 2023 жылы сүт сауымы 6,3 млн тоннаны құрады.

«Шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін сапалы түрде өзектендіру қажет. Бұл – мал мен өсімдік шаруашылығындағы да статистиканы қалыптастырудың негізгі ақпарат көзі. Оларсыз ауыл шаруашылығын тиімді жоспарлап, дамыту мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы министрлігіне әр өңір және аудан әкімдерімен шаруашылықтар бойынша есепке алу деректерін дұрыс толтыру мәселесін пысықтауды, ал әкімдіктерге деректерді электронды есепке алу жүйелерін өзектендіруді тапсырамын», деді С.Жұманғарин.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15