Білім • 16 Мамыр, 2024

Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді?

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы оқу жылында бакалавриат бойынша 78 219 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді?

Фото: qazaqstan.tv

«2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Түлектер қандай бағыттар, білім беру бағдарламаларының қандай топтары бойынша қанша грант бөлінгенін көре алады. Биыл Ғылым және жоғары білім министрлігінің желісі бойынша бакалавриат деңгейіне - 78 219 грант, магистратура деңгейіне - 13 119 және докторантура деңгейіне - 1 919 грант бөлдік», деді Жанна Есинбаева.

Есинбаеваның мәліметінше, биыл ең көп грант инженерлік-техникалық салаларға бөлінеді. Бұл Мемлекет басшысының техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға қатысты жүктеген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

«Инженерлік ғылымдар, құрылыс ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, жаратылыстану ғылымдары, математика, статистика – мұның барлығы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің шамамен 60%-ын құрайды», деп қосты Ж.Есинбаева.

Ал педогогикалық бағыттағы мамандықтарға биыл 13 мың грант бөлінеді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті