Аймақтар • 17 Мамыр, 2024

Жекеге заңсыз берілген «Медеу» табиғи паркінің жері мемлекетке қайтарылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер жеке меншiкке берілмеу керек. Алайда бұл талап «Медеу» табиғи паркіне қатысты сақталмағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Жекеге заңсыз берілген «Медеу» табиғи паркінің жері мемлекетке қайтарылды

Фото: kaz.orda.kz

2020 жылы табиғи парк аумағындағы ауданы 35 га 10 жер учаскесі жекенің меншігіне өтіп кеткен.

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.

Бұған Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болған. 

Медеу ауданының прокуратурасы мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынын алға тартып, сотқа жүгінді.

«Сот шешімімен прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, «Медеу» табиғи паркіне кадастрлық құны 3 млрд теңге сомасындағы жер қайтарылды. Сонымен қатар сотқа қатысуды қамтамасыз еткен Медеу ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша меншік құқығын тіркеу кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін сот кінәлі тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жөнінде жеке ұйғарымдар шығарды», делінген прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25