Оқиға • 17 Мамыр, 2024

Атырау облысында тасжол опырылып түсті

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы «Атырау-Индер» тасжолының 27-ші шақырымында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайларды жою штабына сілтеме жасап.

Атырау облысында тасжол опырылып түсті

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, Атырау-Индер тасжолының 27-ші шақырымында жедел қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Талдыкөл ауылындағы газ құбырының айналасынан су ағып, топырақ пен трассаның опырылуына әкелді. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының немесе газ таратудың зақымдануы туралы деректер тіркелген жоқ. Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төрт арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Бүгін кешке дейін жол толығымен қалпына келтіріледі», деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

27 мен 28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілері айналма жолмен жүруге мүмкіндік жасалынды. Атырау қалалық полиция басқармасының жол инспекциясының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40