Балалар • 21 Мамыр, 2024

Елімізде мектеп оқушылары жазда қалай демалады?

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің мектеп оқушылары жазда қалай және қайда демалатыны айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде мектеп оқушылары жазда қалай демалады?

фото: pixabay

Үкімет отырысында министр атап өткендей, елімізде 2,9 миллион бала жазғы демалысын 10 743 демалыс орнында өткізеді.

«Оның ішінде 10 мың бала жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала қала маңындағы орталықтарда, 2,6 миллион бала мектеп орталықтарында, 75 мың бала киіз үй лагерінде демалады», деді Ғани Бейсембаев.

182 демалыс орнының 150-і маусымның 1-і мен 10-ы аралығында жұмыс істейді. Қалған 32 демалыс орны 15 маусымда жұмысын бастайды.