Оқиға • 21 Мамыр, 2024

Тасқын кезінде малынан айырылған Құлсары тұрғындарына өтемақы төленеді

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармасына су тасқынынан малдары зардап шеккен тұрғындардан 101 өтініш түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб ақпаратына сілтеме жасап.

Тасқын кезінде малынан айырылған Құлсары тұрғындарына өтемақы төленеді

Фото:diapazon.kz

Қарғын су салдарынан Жылыой ауданында барлығы 876 бас ұсақ және ірі мал зардап шекті.

Оның ішінде:

  • 93 бас ірі қара мал,
  • 697 бас ұсақ мал,
  • 55 бас жылқы,
  • 31 бас түйе
  • 532  құс бар.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 20 мамырынан бастап өлген малдың алғашқы 23 иесіне жалпы сомасы 25,6 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді.

«Су тасқыны кезінде малы зардап шеккен қалған 78 тұрғынға ақшалай өтемақы осы айдың соңына дейін төленеді. Төлемдердің жалпы сомасы 93,5 млн теңгені құрайды», деді Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті