Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы полицейлері «Нерест» жедел профилактикалық іс-шара барысында Ұлан ауданы тұрғындарын анықтады. Заңсыз балық аулағандары үшін жауапкершілікке тартылған құқық бұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да заңсыз балық аулағандар анықталды

Фото: Видеоскрин, eastkazpolice инстаграм

Көлік жүк салғышынан 20 келіден астам ақжелкен және 2 келі көксерке балығы табылып, тәркіленген.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аталған заңсыз іс балық аулауға арналмаған жерде, сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде жасалған.

Айта кетсек, ЖПІШ барысында және балық ресурстарын көбейту кезеңінде 16 сәуірден 30 мамырға дейін аталған облыста балық аулауға тыйым салынған еді.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:27