Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024

Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады

Фото: М.Тажкуранов.

Марафон-бәйге майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне Астана тұрғындары мен қонақтары сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументінде куә бола алады.  

Бас жүлде - 15 000 000 теңге, 2 орын - 10 000 000 теңге, 3 орын - 5 000 000 теңге. Сонымен қатар алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп жоспарланған (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.). 

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Көпкүндік эпикалық марафон-бәйгенің ұйымдастырушылары: Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы, қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі, ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары. Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыған осы жылғы марафонда жол қашықтығы 500 шақырымды құрады.

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30