Таным • 24 Мамыр, 2024

Ең алғашқы: Сайт

42 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең алғашқы сайтты (info.cern.ch) 1990 жылы физик Тим Бернерс-Ли жасап шығарған.

Ең алғашқы: Сайт

Ол кезеңде компьютерлік графика болмағандықтан, сайтта тек мәтін ғана тұрған. Ең алғашында браузерлер мен серверлерді қалай орнату керектігі туралы ақпарат жарияланып отырған. Кейін Бернерс-Ли басқа сайттарға да гиперсілтемелер жасауды бастады. 1991 жылы веб-сервер Еуропаның басқа да аймақтарына тарала бастайды. 1993 жылдың қазан айында веб-серверлер саны әлем бойынша 200-ге жетеді. Бір қызығы, Бернерс-Ли жасап шыққан ең алғашқы сайт әлі күнге дейін жұмыс істейді.

 

Ұшақ

п

1903 жылы 17 желтоқсанда ал­ғашқы ұшақтың көкке самғағаны тарихта алтын әріптермен жазылды. Әуеде самғаған алғашқы механиканың авторлары – ағайынды Орвилл және Уилбер Райт­тар.

Олар 1903 жылы алғашқы ұшақтың жобасын аяқтап, оны іс жүзінде тексеріп көреді. Тәжірибе орны ретінде Солтүстік Каролинаның Китти Хоук деген желді аймағын таңдап алады. Орвилл 10,9 км/сағ. жылдамдықпен көкте 12 секунд (37 метр биіктікте) самғайды. Келесі әрекеттер одан да жоғары нәтижелерді көрсетеді. Мәселен, 1905 жылы көкте жарты сағат үздіксіз ұша алатын деңгейге жетсе, 1908 жылы әскери бағытта қолданысқа енеді. Қазіргі таңда ол Вашингтон қаласындағы «Ұлттық әуе және ғарыш музейінде» көр­меге қойылған.

 

Ұялы телефон

ап

Әлемдегі алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан Мартин Купер есімді өнертапқыш.

1973 жылдың 3 сәуірінде BeLL Laboratories компаниясы зерттеу бө­лімінің бастығы Джоэл Энгелдің жұмыс кабинетіне әлдекім қоңырау шалады. Телефон тұтқасын көтерген Джоэл басты бәсекелесі Мартиннің даусын бірден таныды. «Қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефоннан хабарласып тұрмын», дейді. Кейін М.Купер бұл оқиға туралы былай деп еске алады: «Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, бірақ тістерінің сықырлағанын естігендей болдым». Сонымен бұл күнгі ұялы телефонның атасы – Motorola DynaTac 8000x. Құрылғы бірнеше мәрте жетілдіріліп, 1984 жылы сатылымға шықты.