Ауа райы • 24 Мамыр, 2024

«Соңғы қоңырау» күні ауа райы қандай болады?

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

«Соңғы қоңырау» күні ауа райы қандай болады?

Фото: qaz-media.kz

Метеорологтардың мәліметінше, 25, 26 және 27 мамырда Қазақстан территориясында солтүстік циклон әсері байқалады. Яғни, аталған циклон әсерінен жауған жаңбырдың соңы қарға ұласуы ықтимал. Сондай-ақ бұршақ жауып, жел екпінді соғып, жауын-шашын болжанған.

25-27 мамыр аралығында елдің солтүстігіндегі облыстарда, 25-26 мамырда орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың солтүстік-батыс облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі.

Демек Республиканың жоғарыда аталған аумағында 25 мамыр «Соңғы қоңырау» күні қолайсыз ауа райы болжанып отыр.

Ал Скандинавия аймақтарынан келетін ауқымды антициклон республиканың батысында ашық ауа райының сақталуына ықпал етеді.

«Алда келе жатқан суық ауа массалары 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда түнде және таңертең 3 градусқа дейін аяз болады. Суық ауа массасы Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда сезіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше