Аймақтар • 24 Мамыр, 2024

«Атырау-Индер» жолының қалаға кіреберіс тұсы жабылды

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өр суының қарқындануына байланысты, аталған жолдың Атырау қаласына кіреберіс тұсында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz

«Атырау-Индер» жолының қалаға кіреберіс тұсы жабылды

Фото: архив kursiv.media

Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет - Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы «Атырау - Астрахань» трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар.

Еске салайық, көлік қозғалысына «Атырау-Орал» трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылы тұсы жабық тұр.