Ауыл • 28 Мамыр, 2024

Ауылға назар ауып тұр

38 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,7%-ға­ тө­мендеген, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өнді­рісі 14,6%-ға дейін құлдыраған. Ал экспортталған ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің құны 5 млрд доллардан асты. Агро­өнер­кәсіптік кешен өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңдел­ген өнімнің үлесі 42,6% болды. Биыл бұл көрсеткішті 45 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ауылға назар ауып тұр

Фото: ksu.edu.kz

Сенаттың Аграрлық мәсе­ле­­лер, табиғатты пай­далану және ауыл­дық аумақтарды дамыту коми­тетінің төрағасы Әли Бектаев­тың ай­туынша, өндірілген өнімді қайта өңдеп, оларды экспортқа шы­ғару­ды ұлғайту арқылы импортталатын тауарды өз өнімімізбен алмас­тырмай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізілді. Олар өңдеуші кәсіпорындарды барынша пайдалану үшін мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын қамтамасыз етуге, ауыл шаруа­шы­лығы шикі­затын өңдеу үлесін арттыруға, отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға қажет. Ағымдағы қолдау шараларына ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістерді құру және жаңғырту кезінде 25%-ы инвестицияларға жұмсалған шығындарды өтеу, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, шаруаға шикізатты жет­кізу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу кіреді. Сонымен қатар қайта өңдеу бойынша негізгі және айналым капиталын толық­тыруға және кредиттер бойын­ша сыйақы мөлшерлемесін субси­дия­лау­ға жеңілдікті несиелер көле­мін ұлғайту, шикізат пен дайын өнім­ді экспорттау кезінде ҚҚС бойын­ша сараланған қайтаруды енгізу бойынша қосымша шаралар қарас­тырылған», дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов.

Ауыл шаруашылығы өнім­дерін өңдеуді тұрақты дамы­ту­дың негізгі шарттарының бірі – өңдеуші кәсіпорындарды жет­кілікті көлемде жоғары сапалы шикізатпен қамтамасыз ету. Өсімдік шикізаты өнді­рісін ұлғайту үшін бидай моно­культурасының, сондай-ақ суды көп қажет ететін дақыл алқап­тарын қысқарту және балама­лы жоғары рентабельді дақыл­­дарды кеңейту есебінен егіс алқаптарының құрылымын әртарап­тандыру бойынша жұмыс­тар жүргізіліп жатыр. Биыл бидай егістігі көлемін – 13,3 млн гектарға (430 мың гк-ға қысқарту), мақта алқап­тарын – 105 мың гектарға (11 мың гк-ға қысқарту), күріш алқа­­бын 94,2 мың гектарға дейін қыс­­қарту жоспарланыпты. Ал май­лы дақылдар алқабын 380 мың гектарға ұлғайту ойластырылып­ты. Сонымен қатар шикізат құнын тө­мендету үшін шаруаларға өңдеуге ұсы­нылған шикі сүт, ет, дәнді және майлы дақылдар, қант қызылшасы субсидияланып жатыр.

«Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 3,8 мың жұмыс орнын құрылып, 275,6 млрд теңге болатын 289 инвестициялық жоба жүзеге асты. Мал шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеу тұрғысында 103,5 млрд теңгеге 29 жоба, өсім­дік шаруашылығында 19 жоба ел игілігіне берілді. Биыл 11 ин­вес­тициялық жобаны іске асыру бас­талды. Олардың қатарында ас­тық­ты терең өңдеу бойынша екі ірі жоба бар», деді министрлік өкілі.

Бес жыл ішінде жалпы сомасы шамамен 300 млрд теңгені құрайтын қайта өңдеу бойынша 50-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 5,35 млрд долларды құрады. Бұл ретте өнімдердің жалпы экспорт көлеміндегі қайта өңдеу өнімдерінің үлесі 42,6%-ға жетіп, 2,28 млрд долларға тең болған. Биыл осы көрсеткішті 45 пайызға дейін ұлғайту көзделген.

Қытай, Еуроодақ және Орта­лық Азия елдеріне ұн мен жар­ма, ет және тағамдық ет суб­өнім­дерін, өсімдік майларын, ауыл шаруашылығы шикізатын терең­детіп өңдеу, сондай-ақ органи­ка­лық өнімдерді экспорттауды одан әрі арттыруға зор әлеует бар.

Сенатор Зәкіржан Кузиев азық-түліктің импортталатынын, ал отан­дық өнімдердің 80 пайызы шикізат түрінде, яғни өңдеусіз экспортталатынын айтты.

«Мемлекет басшысы атап өт­кендей, «агроөнеркәсіп кешенін да­­м­ы­туға кедергі келтіретін мәселе бар­шаға белгілі, солардың ішіндегі ең өткірі – саланың созылмалы жет­кіліксіз қаржыландырылуы». Инвес­тициялардың жетіспеушілігі ауыл шаруашылығы техни­ка­сының тозуына, төмен өнім­ді­лікке, еңбек өнім­ділігінің тө­мен болуына, ең бас­ты­сы, ауыл шаруашылығы тауарын өн­ді­ру­шілер мен инвесторлардың мем­­ле­кеттік органдардың түрлі бағ­­дар­­­ламасына сенімін жо­ғал­тып, жал­пы мемлекетке деген с­енім­сіз­дікке әкеледі», дейді депутат.