Үкімет • 28 Мамыр, 2024

Премьер-министр су тасқынының залалын бағалауды 1 аптада аяқтауды тапсырды

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов су тасқыны келтірген залалды бағалау жұмыстарын 1 аптада аяқтауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр су тасқынының залалын бағалауды 1 аптада аяқтауды тапсырды

Фото:aikyn.kz

Су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының дүние-мүлкіне келтірілген залалды өтеу процесі әлі де жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. 
 
Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і азаматтардың жалғыз баспанасы.
 
Жауапты комиссия 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасады. Бұл көрсеткіш жалпы санның – 84%. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, ал 4 315 үй апатты деп танылды.
 
Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-сін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
 
Үкімет басшысы Олжас Бектенов әкімдіктер мен Өнеркәсіп министрлігіне тасқын келтірген материалдық шығын есебін аяқтауға 1 апта уақыт берді. 

«Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», деді Олжас Бектенов.