Қоғам • 28 Мамыр, 2024

Қуғын-сүргін құрбандарының туыстары арнайы өтемақы ала алады

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Бас прокуратурасы қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға және олардың туыстарына бірқатар жеңілдік пен өтемақы алу үшін архивтен анықтамаларды алу жолдарын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.

Қуғын-сүргін құрбандарының туыстары арнайы өтемақы ала алады

Фото: gov4c.kz

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарының архивтері шегінде өзге де архивтік анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың көшірмелерін алуға болады.

Архивтік анықтаманы алу үшін:

  • Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz порталына немесе телефон нөміріңізге келетін бір реттік құпия сөз арқылы өтіңіз.
  • Сұрау салуды ресімдеу сатысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалын таңдаңыз.
  • Архивтік анықтаманың қағаз нұсқасы, кем дегенде 8, ал шалғай аудандар үшін 10 жұмыс күн ішінде беріледі.

Айта кетейік, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған еді. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды. Ақтау шаралары әлі де жалғасып жатыр.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар