Туризм • 28 Мамыр, 2024

Қазақстан азаматтары қай елдерге жиі ұшады?

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан азаматтары қай елдерге жиі ұшатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары қай елдерге жиі ұшады?

фото: pixabay

Бүгінгі таңда Қазақстаннан халықаралық рейстер аптасына 567 рейс жиілігімен 121 бағыт бойынша 28 елге ұшады.

«Ең көп рейстер Ресейге (31 әуе бағыты бойынша аптасына 139 рейс), Түркияға (18 әуе бағыты бойынша аптасына 125 рейс), Біріккен Араб Әмірліктеріне (алты әуе бағыты бойынша аптасына 58 рейс) және Қытай Халық Республикасына (тоғыз әуе бағыты бойынша аптасына 43 рейс) орындалады», делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар осы жазда Вьетнам, Таиланд, Мысыр және Грузияға рейстер саны айтарлықтай артады.

Соңғы жаңалықтар