Бокс • 29 Мамыр, 2024

Лицензиялық турнир: Бүгін Қазақстанның 3 боксшысы жұдырықтасады

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиланд астанасы Бангкокта Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бүгін Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лицензиялық турнир: Бүгін Қазақстанның 3 боксшысы жұдырықтасады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Құрама сапынан рингке бірінші болып Наталья Богданова (66 келі) шығады. Ол алғашқы жекпе-жегінде сағат 11:45–те сербиялық Кристина Кулуховамен бокстасады. 

Ал 16:45–те Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Анкушита Бороенмен кездеседі.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) италиялық Джанлуилджи Малангамен рингке шығады.