Парламент • 29 Мамыр, 2024

Экономикалық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстен алынады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс қоғамға қауіп төндірмейтін экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық кодекстен алып тастау бойынша түзетулерді  қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономикалық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстен алынады

Фото: inbusiness.kz

Заңнамадағы кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу сынды кодекстерді қылмыстық сипаттан арылту көзделген.

Сонымен қатар экономикалық контрабанда бойынша жауапкершілік 10 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке артты. Ал кедендік баждарды, алымдарды, салықтарды, өтемақы баждарын төлеуден жалтарғандар 5 мыңнан 10 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті