Айбын • 30 Мамыр, 2024

Жас қорғаушылар жарысы

66 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Республиканың әр өңірінде «Айбын–2024» дәстүрлі әскери-патриоттық жиыны өтті. Жастарды отан­шыл­­дыққа баулитын іс-шара 2015 жылдан бері тұ­рақ­ты түрде ұйымдастырылып келеді. Жарысқа қаты­сушылар 6 спорт түрінен өзара мықтыны анықтады.

Жас қорғаушылар жарысы

Атыраудағы «Айбын–2024» об­лыс­тық дәстүрлі әскери-патриоттық ­жиыны «Сармат» мамандандырыл­­ған мектеп лицей-интернатының базасында өтті. Іс-шараға облыс орталы­ғы мен аудан­дарынан 9 командадан барлығы 140 жасөспірім қатысты. Жас қорғаушылар пневматикалық мыл­тықтан ату, күш жаттығулары, газ­қағар мен қорғаныс костюмін кию, АК-74 автоматын шашу, қайта жинаумен сыналды. Сондай-ақ арқан тартып, 3000 және 1000 метр қашықтыққа жүгіріп жарысты.

р

– Бұл жарыстың мақсаты – әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды па­т­риот­тық сезімге баулу, әскери-қол­дан­балы спорт түрлері мен саламатты өмір салтын насихаттау, физикалық дағ­дыларды жетілдіру. Сәйкесінше жиын жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жетілдіруге, Қа­рулы күштердің мәртебесін биіктету­ге бағытталған. Жыл сайын іс-шараға өңі­ріміздің дарынды жастары қатыса­ды. Олардың республикалық жарыстар­да жоғары нәтиже көрсеткені қуанта­ды. «Айбын–2024» облыстық әскери-па­т­риоттық жастар жиынының қоры­­тын­дысы бойынша І орын Индер ауда­нының командасына бұйырды. Жүл­делі ІІ орынды Қызылқоға ауда­ны­­ның командасы, ІІІ орынды Құр­ман­ғазы ауданы­­ның құрамасы иелен­ді. Жеңімпаздарға түр­­­лі марапаттар, ку­боктер, дипломдар мен медальдар та­быс етілді. Бірінші және екінші орын жеңімпаздары «Али» оқу поли­гоны базасында Алматы қаласын­да өтетін республикалық кезеңге жол­дама алды, – деді «Жас сарбаз» жас­өс­пірімдер әскери-патриоттық қозға­лы­сы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Нұрлан Елеуов.

п

Ал Петропавлдағы спартакиадаға әр елді мекеннен іріктеліп алынған 6 топ қатысты. Әскери-патриоттық жиында 14-тен 17 жасқа дейінгі 100-ге жуық бозбала бақ сынады. Әр топта 15 жас­өспірімнен тіркелді. Өңірлік сайыс ­4 күн­­ге созылды.

– Осындай жарыстарға жиі қаты­са­мын. Ата-анам да әскери қызметте. Әскери-спорттық жиындардың жас­тар үшін маңызы зор деп білемін. Денсаулыққа да пайдалы, – дейді қаты­сушы Нұржан Сабыржан.

м

Маңғыстауда өткен жиынға аудан, қалалардан 7 командадан барлығы 105-ке жуық жас қатысты. «Айбын–2024» облыстық әскери-патриоттық жастар слетінің қорытындысы бойынша бірін­ші орын Ақтау қаласының «Ақтау» командасына бұйырды. Екінші орынды Жаңаөзен қаласының «Қайсар» командасы, үшін­ші орынды Қарақия ауданы­ның «Жас қыран» командасы иеленді.

Іс-шараны Маңғыстау облысы­ның қорғаныс істері жөніндегі департа­менті мен Маңғыстау облысы білім бас­­қар­масының «Оқу-әдістемелік ор­та­лығы» ұйымдастырды.

– Өңірде дарынды жастардың жарыстары тұрақты негізде өткі­зі­ліп тұ­рады. Біз үшін олардың респуб­ли­калық деңгейде жоғары нәтиже көрсетуі өте маңызды, – деді Маңғыстау облысы оқу-әдістемелік білім беру орталығының директоры Жаңагүл Үмбетова.