Аймақтар • 30 Мамыр, 2024

Атыраудағы ауылдық округтерде 350 техника жұмыс істеп тұр

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласы маңындағы қауіпті аймақта орналасқан ауылдық округтерге су тасқынына қарсы 350 техника жұмылдырылды. Оның ішінде 70 техника Соколок өзені бойында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атыраудағы ауылдық округтерде 350 техника жұмыс істеп тұр

Фото: gov.kz

«Атырау қаласында Жайық өзенінің шекті деңгейі 500 см болса, қазіргі уақытта ол 600 см-ге жетті. Алайда осы уақытқа дейінгі су тасқынына қарсы жасалған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде Жайықтың көтерілу деңгейі бірқалыпты. Ал су басу қаупі бар Қайыршақты, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтерінде күні-түні кезекшілік ұйымдастырылды», дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Еске сала кетейік, су тасқынына қарсы Атырау қаласы және қала маңындағы аумақтарды қосқанда 250,7 шақырымды құрайтын Жайық өзенінің жағасына бөгет салынды.

Соңғы жаңалықтар