ANTIKOR • 30 Мамыр, 2024

Батыс Қазақстан медициналық университетінің басшысы ұсталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антикор М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің басқарма төрағасы ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Батыс Қазақстан медициналық университетінің басшысы ұсталды

Фото: univery.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасының ұсталғанын растайды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, университет ректоры Әсет Қалиев еді. Сондай-ақ ол әр жылдары Ақтөбе және Жамбыл облыстарының денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметін атқарды.

 

Соңғы жаңалықтар