Шаруашылық • 30 Мамыр, 2024

Су тасқынының салдары мал бағасына әсер ете ме?

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин су тасқынының салдары ет пен мал бағасына қалай әсер ететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқынының салдары мал бағасына әсер ете ме?

Фото:qaa.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин су тасқынынан қырылған мал саны елдегі жалпы мал басының 1 пайызына да жетпейтінін айтып, бұл сан нарыққа әсер етпейді деп сендірді.

«Басқа малдарды айтпағанда Қазақстанда 9 миллионға жуық ірі қара, 27 миллионға жуық қой, 4 миллионға жуық жылқы бар. Ал 12 мың бас мал 1 пайыз да емес. Сондықтан бағаға әсер етпейді», деді  вице-министр.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті