Кітапхана • 30 Мамыр, 2024

Әдеби байланыс нығая түседі

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы академиялық ұлттық кітапханада армян әде­биеті бұрышының ашылу салтанаты өтті. Мәдени мәжі­ліс­ке еліміздің зиялылары, Армения Республикасының Қазақ­стан­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондян арнайы қатысты.

Әдеби байланыс нығая түседі

Фото: adebiportal.kz

Алғашқы болып сөз алған кітапхана директорының орынбасары Нұржан Жол­ды­балин іс-шараның мәдени маңызы мен қазақ-армян арасындағы достық байланысты ерекше атап өтті. Жиынның екі ел әдебиетінің рухани ынтымақтастығына оң әсерін тигізетінін жеткізді.

Арменияның Қазақстан­да­ғы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондян: «Кітапхана ішінде ашылған бұл бұрыш армян тілі мен­ әдебиеті мұраларына те­рең үңілуге мүм­­­­кін­дік бере­ді. Қазіргі күні Еги­ше Ча­ренц, Уильям Сароян, Ога­нес Туманян шығар­ма­лары қазақ тіліне аударыл­ған бол­са, қа­зақтың ұлы ойшыл­ ақыны Абай Құ­нан­байұлы­ның өлең­дері армян тіліне тәржімелен­­ген. Алдағы уа­қытта екі халық ақын-жазу­шыларының туындыларын аудару ісі жал­ғаса бере­­тіні сөзсіз», дей отырып, Армения­ның мәде­ниетін, тарихын, дәстүрі мен қазіргі даму барысын бе­дер­­лей­тін 113 кітапты кітапхана қо­ры­­на тапсырды.

Басқосуда армян әліпбиі мен көне жазбалары туралы деректі фильм көрермен назарына ұсынылды. Жастар өнер көрсетіп, қазақ, армян тілдерінде өлең оқыды.

 

Томирис БАЙҒАБЫЛ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32