Қоғам • 01 Маусым, 2024

Балаларды қорғау күніне орай елімізде 1000-нан астам іс-шара өтеді

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің барлық өңірінде концерттер, акциялар, көрмелер, жарыстар мен шығармашылық фестивальдар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балаларды қорғау күніне орай елімізде 1000-нан астам іс-шара өтеді

Фото: Ведомство. Телеграм.

Бүгін Орталық мемлекеттік музейде «Museum for kids» балаларға арналған музей лагері ашылды. Қатысушыларға музейге қатысты сабақтар, тарихи квест ойындары, суретшілердің шеберлік сабақтары, шығармашылық және қолөнер үйірмелері ұйымдастырылады.

Қазақ Ұлттық өнер университетінде алғаш рет дарынды балаларды қолдауға бағытталған «Дарынды жұлдыз» балалар шығармашылық фестивалі басталады. Жас сайыскерлер «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша өнер көрсетеді, әр қатысушы 2 шығармадан орындайды. Бірі – ана тілінде болса, екіншісі мультфильмдердегі әндерге арналады.

Театр студиясының кішкентай әртістері «Астана Опера» сахнасында «Балалар театрға шақырады» атты концерт қояды. Концерттің алдында көрермен қауым жас шеберлер мен суретшілер көрмесін тамашалай алады. Астанада музыкалық мектеп оқушылары Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30