Футбол • 03 Маусым, 2024

Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Фото: kff.kz

60 жастағы ресейлік бапкер жақын арада қызметінен өз еркімен кеткен Магомед Адиевтің орнын басады.

Станислав Черчесов футболшы ретінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда доп тепкен.

Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.

Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:

  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007),
  • Польша чемпионы (2015/16);
  • Польша кубогының жеңімпазы (2015/16);
  • 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен);
  • Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23);
  • Мажарстан кубогының иегері (2021/22).