Руханият • 03 Маусым, 2024

Ақынға арналған кабинет

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбай Жаңаарқа ауданындағы № 1 мектеп-лицейге заманауи смарт панель және   «Ай таңбалы арғымақ» жыр жинағын тарту етті. Алдағы оқу жылында лицейде «Ғалым Жайлыбай атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту кабинеті» ашылады.

Ақынға арналған кабинет

Жаңа мектептің жаңашыл үрдістегі оқыту жүйесі рухани құндылықтарды дәріптеуге мән беріп, ақынға осылайша құрмет көрсетуді қолға алып жатыр.

«Бұл тек менің кабинетім болып насихатталмасын. Жалпы аудан аумағындағы әдеби ортаның, шығармашылыққа құмар жастардың басын қосып, бағдарын айқындайтын жер болсын», деді Ғалым Жайлыбай лицейдегі кездесу кезінде.

Кездесу барысында мектеп оқушылары ақын жырын жатқа оқып, жаңа кабинетке есімі берілген ақын бүлдіршіндерге қолтаңба берді.

Та