Аймақтар • 04 Маусым, 2024

Сырдағы мереке мезеттері

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырда мерекеге дайындыққа ертерек қам жасалды. «Туымыз – төрімізде» флешмобы аясында демалыс парктеріндегі биік аттракциондарға, көпқабатты тұрғын үйлерге, ірі сауда орталықтарына Мемле­кет­тік ту ілінді.

Сырдағы мереке мезеттері

Аудан орталықтарына халық­аралық, респуб­ли­ка­лық және об­лыс­тық са­йыс­­тар жеңім­паз­да­рының, жас­тар өкілдері мен волон­­терлердің шеруі ерекше сән берді. Байқоңыр қаласының ор­та­­лығында жалпы­халық­тық пат­риот­тық акциялар өтті.

Барлық елді мекенде Рәміздер ал­лея­лары мен алаңдарда тұр­­ғын­­­дардың, жастар мен во­лон­­­тер­лер­дің қатысуымен сен­бі­ліктер өтіп, сурет және шы­ғармашылық байқаулары көп назарын өзі­не аударды.

Жер-жерде ел тарихына қа­тысты көрмелер қойылып, «Адал адам» мәдени-тәрбие орта­­­лық­тарында өткен па­триот­­тық іс-ша­ра­ларға қа­тыс­­­қандар көп бол­ды.

Халықаралық, респуб­ли­калық жарыстарда жүлде алған жергі­лік­ті спортшылар, танымал өнер адамдары жаз­ғы тынығу лагерь­ле­ріндегі оқушыларға бейнеқұт­­тықтау арқылы ті­лек­­терін жет­­кізді.

Ал облыс орталығындағы Рәміздер алаңында «Елдіктің ны­шаны, ерліктің белгісі – рә­міз­дер» атты іс-шара өтіп, онда «Япурай» хор ұжы­мы мен Қы­зылорда пе­да­­гогикалық жоға­ры кол­­лед­жінің студенттері Мемлекеттік гимнді орындады. Сал­танат­ты іс-шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов жинал­ған­дарды мерекемен құт­тық­тап, мем­лекеттік қызметке жаңа та­ғайын­­далған мамандар ант берді.

Іс-шара соңында қала көше­ле­рі­мен автокөліктер шеруі жүріп өтті.

 

Қызылорда