Ауа райы • 04 Маусым, 2024

Қазақстанда 40 күн бойы 50 градус ыстық болатыны рас па?

1074 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WhatsApp-та жазда 40 күн бойы 50 градусқа дейін ыстық болады деген хабарлама тарап жатыр. Синоптиктер ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда 40 күн бойы 50 градус ыстық болатыны рас па?

Фото: azattyq-ruhy.kz

Хабарламада мұндай ыстық 60 жылда бір қайталанатыны айтылып, аптапқа дайын болу ұсынылған.

вв

Алайда синоптиктер бұл ақпаратты теріске шығарды. 

«Маусымдық болжам қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланып отырады. «Қазгидромет» бір тәулікке, 3 күнге және бір аптаға болжам жасайды. Айлық болжамдардың тек 70 пайызы тура келіп жатады. Қазақстанда  Түркістан облысы жазық далалық аймаққа жатады. Бұл өңірде жазда ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі - қалыпты жағдай. Әлемнің бірде-бір елінде синоптиктер тұтас бір маусымға болжам жасамайды. Олар жорамалдап айтады. Дамыған елдерде болжам бір күнге, 3 күнге және бір аптаға жасалады. Есесіне, апталық болжамдар да нақтыланады. Болжам ұзақ мерзімге жасалса, ол нақты жағдайға сәйкес болмайды. Интернетте жарияланған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сеніңіз. Алдағы жазға арналған консультативтік болжаммен біздің ресми порталымызда таныса аласыздар», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40