Қоғам • 04 Маусым, 2024

Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай әлеуметтік желілерде құттықтау жазбасын қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Фото: Сенат

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – ұлтты ұйыстыратын және халыққа рух беретін қастерлі де қасиетті нышандарымыз. Оларды қадірлеу, қорғау және құрметтеу әр қазақстандықтың – абыройлы міндеті.

Бүгін осы мерекеге орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Дәстүрге айналған мұндай іс-шара ең қымбат құндылықтарымызды ұлықтаудың маңызын кеңінен дәріптеп, азаматтарымыздың патриоттық сезімін арттыра түсетіні анық.

Баршаңызды атаулы күнмен құттықтай отырып, елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілеймін! Көк байрағымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз мәңгілік шырқала берсін!», делінген құттықтау тілегінде. 

 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10