Фото: Ашық дереккөз
Алматы облыстық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісін растады, алайда күдіктінің жеке басы ресми түрде жария етілмеген. Күдікті ретінде 37 жастағы ер адам ұсталған.
«Оқиға салдарынан әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр», деп толықтырды ведомство.
Сонымен қатар департамент тергеу облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Құқық қорғау органдары күдіктінің полиция қызметкері екені жөніндегі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.
Ведомствоның айтуынша, өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Оқиға 16 мамырда Балқаш ауданы Бақбақты ауылы маңындағы тасжолда болған. Ерлі-зайыпты сөзге келіп, ер адам әйелін түсіріп кеткен. Содан соң артынан қайтадан барып қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кеткенін жазған едік.