Қоғам • 04 Маусым, 2024

Сенаторлар өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесін қарады

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Жамбыл облысында болып, бизнес өкілдерімен кездесті. Жүздесуге қатысушылар өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері және оны шешу жолдарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесін қарады

Депутаттар облыс кәсіпкерлерін толғандырған тақырып Парламент Сенатында өткен өңдеу өнеркәсібі туралы парламенттік тыңдауда қаралған мәселелермен сабақтас екенін атап өтті. Онда отандық шикізаттың өндірістегі тапшылығы, газ бен электр энергиясының жетіспеушілігі, жабдықтардың тозуы, қаржы ресурстарына қол жеткізудегі қиындықтар және мемлекеттік қолдау шараларының жеткіліксіздігі туралы айтылды.

Парламентшілер кездесу барысында көтерілген мәселелер назарда болатынын және депутаттардың бұдан былайғы заң шығару қызметінде ескерілетінін атап өтті.

Депутаттар сондай-ақ «Еврохим» минералды-химия кешенінде, «Қазфосфат» минералды тыңайтқыш шығаратын, «Talasinvestment company» натрий цианидін өндіретін, Жамбыл «Имсталькон» металл конструкциясы» зауыттарында және «Тараз былғары аяқ киім» кәсіпорнында болды.