Елорда • Бүгін, 13:50

Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Технологиялық колледж студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты, деп жазады Egemen.kz.

Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Іс-шараға колледждің жүзден астам студенті белсене қатысып, оқу орнының аумағы мен оқу кабинеттерінде тазалық жұмысын жүргізді.

Сенбілік барысында студенттер колледж ауласын қардан тазалап, айналаны ретке келтірді. Ұжымдық еңбектің нәтижесінде білім ордасының аумағы көркейіп, тазартылды.

Тазару күні: Президент азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды

Мұндай іс-шаралар жастарды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және еңбекқорлыққа баулиды.

Аталған сенбілік тек тазалық жұмысымен шектелмей, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.

Елімізде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды

Қоршаған ортаны қорғау – барша қоғамның ортақ міндеті. Осы тұрғыда жастардың табиғатқа жанашырлықпен қарауы, тазалықты сақтауға деген көзқарасының қалыптасуы ерекше маңызға ие.

Соңғы жаңалықтар