Ауа райы • 05 Маусым, 2024

Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады?

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мамандары маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады?

фото: abai.kz

Мамандардың болжамына сәйкес, маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамы нақтыланғаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы әлі де ұлғаюы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК маусым айында құрғақшылық болжанған аймақтардың тізімін ұсынды:

  • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
  • Қарағанды облысының Шет ауданында;
  • Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
  • Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
  • Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
  • Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.

Ал осы айда бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болмақ.

Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайы нормаға жуық болады деп болжанып отыр.