Қазақстан • 06 Маусым, 2024

Қазақстан десантшылары «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтіп жатыр. Іс-қимылдар «Магоб» оқу орталығында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан десантшылары «Ирбис-2024» оқу-жаттығуына қатысып жатыр

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлері мен қабылдаушы тараптың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің әскери қызметшілері таулы жерлерде оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін пысықтайды.

1

«Бірлескен оқу-жаттығуды өткізу туралы шешім осы жылдың сәуір айында Душанбеде өткен штабтық келіссөздерде қабылданған еді. Кездесуде тараптар Орталық Азия өңіріндегі террористік және діни-экстремистік ұйымдардың қызметіне байланысты әскери-саяси жағдайды, қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді талқылады. Осыған сәйкес оқу-жаттығудың мазмұны әзірленіп, таулы жерде ұрыс жүргізу тәсілдері моделденді», деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрілігінің өкілдері.

Оқу-жаттығуларды өткізу мақсаты - бөлімшелердің далалық дағдыларын жетілдіру, таулы жерде арнайы іс-шараларды орындау кезінде командирлердің бөлімшелерді басқаруда тәжірибе алуы, сондай-ақ екі ел Қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу.

Айта кетейік, оқу-жаттығу 9 маусымға дейін өтеді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті