Спорт • 07 Маусым, 2024

Қазақтың велошабандоздары Азия чемпионатында қола медаль иеленді

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның велоcипед спорты федерациясы жасөспірімдерден құралған ел құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақтың велошабандоздары Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Фото: cycling.kz

Бүгінгі жарыс бағдарламасындағы екінші спорт түрі уақыт бойынша веложарыс болды. Осы сында жүлдеге 17 елден келген 19 үміткер қатысты. Оларлың арасында екі отандасымыз Михаил Подлужный мен Батырхан Алик  мәре сызығын 27 минут 45 секундта кесіп өтіп, қола медальға қол жеткізді. 

Ал Тайпейден келген Йен Тен Чжан 26:55 уақыт көрсеткішімен алтын иеленсе, индонезиялық Адитам Дендра Пурниаван 20 шақырымды 27 минут 19 секундта еңсерді.

«Кеше Қазақстан құрамасындағы әріптестеріммен бірге Азия чемпионы атанған аралас эстафета бүгінгі жарысқа қарағанда оңайырақ болды. Неге десеңіз, біз ол сында бір-бірімізге көмектестік. Бұл менің спорттық мансабымдағы екінші чемпионатым, сондықтан қазіргі нәтижелеріме ризамын. Алда топтық жарыс бар, ол сайыста да жарыс жолына шығамын», деді Михаил Подлужный.

Азия чемпионаты Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту басқармасы және Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Sport Qory» спортты қолдау қоры, «Allur» компаниялар тобы» АҚ-ның қолдауымен өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45