![Нөсер жауын мен аптап ыстық: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы](/media/2024/06/07/9533175_0_0_3117_1754_600x0_80_0_0_f27066aba9a6cb87d314954364ce415f.jpg.webp)
Фото: Sputnik
Мамандар 2024 жылдың 8, 9 және 10 маусымына арналған ауа райы болжамын бөлісті.
«Елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін», делінген синоптиктер хабарламасында.
Алайда, елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +35+42°-қа дейін көтеріледі.