Құтқарушы • 09 Маусым, 2024

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында жабық пәтерде қалып қойған бүлдіршіндер құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда үш жасар егіздер құтқарылды

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде үш жасар егіздер ата-анасының қарауынсыз қалып қойған. Олар қалған темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған.

Құтқарушылар үш иінді баспалдақ арқылы пәтерге терезеден кірген. Кейіннен балалар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.