Аймақтар • 10 Маусым, 2024

Алматы облысында тойда автоматтан оқ атылды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында тойда бірнеше ер адам автоматтан аспанға оқ жаудырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында тойда автоматтан оқ атылды

Видеодан кадр: EgovPress / Telegram

Egov.Press Telegram арнасында жарияланған видеода тойға келген ер адамдар автомат пен тапаншадан аспанға оқ атқан. Әуелі оқиға көлікте болған, кейін ер адамдар үй ауласының маңында оқ атқан. Мерекенің қалған қонақтары не болып жатқанын тамашалап, оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Алматы облысының полиция департаменті оқ атқандарды жауапқа тартуға уәде берді.

«Алматы облысының полицейлері құқық бұзушыларды анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдап, оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартады», деп хабарлады полиция.