Президент • 10 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы Франсуаза Жолиді қабылдады

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Франсуаза Жолиді қабылдады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.

Кездесуде Конго Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Ер жігітке ерлік жарасады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Аңызға бергісіз өмір

Еңбек • Бүгін, 11:10

Шеттің шаруақор әкімі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Қызмет жас буынды шыңдайды

Еңбек • Бүгін, 10:40

Жастарға – мол мүмкіндік

Жастар • Бүгін, 10:30