Президент • 10 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндірісі және айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.