Саясат • 11 Маусым, 2024

Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль

Фото: vlast.kz

«Корея мен Қазақстан 1992 жы­лы дип­ломатиялық қаты­нас ор­на­т­қалы бері етене ынты­мақ­тас­тық байланысты дамытып келеді. Дипломатиялық қатынас бас­­талған сәттен бері екі ел ара­сын­дағы сауда көлемі 500 еседен астам ұлғайды. Нәтижесінде, Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды», деді Корея Президенті. 

Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың серпінді кеңеюіне қос мемлекеттің бірін-бірі то­лық­­тырушы өнеркәсіптік құры­лымға ие болуын, ал берік сенім­ді қарым-қатынастарға аралас циклді Қарабатан ЖЭС және Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) сияқты ортақ табыстарды мысалға келтіруге болады.

«Екі ел арасындағы экономика­лық ынтымақтастықты қолдау­дың институционалдық базасы өткен жылы Сауда мен инвес­тицияларды ілгерілету туралы негіздемелік келісімге (TIPF) қол қою арқылы күшейтілді. Бұл сапар маңызды минерал­дар, өңдеу өнеркәсібі және ин­фра­құрылым сияқты салалар­дағы ынтымақтастықтың нақты нәти­желеріне қол жеткізуге мүм­кіндік береді деп ойлаймын», деді Юн Сок Ёль.

Қазақстанға мемле­кет­тік сапары қарсаңын­да Корея Республикасы­ның Президентінің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.