Білім • 11 Маусым, 2024

Инновациялық білімнің жаңалығы

42 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

С.Торайғыров универ­ситетінде «Ин­­но­­­вациялық білім бағ­­дар­­лама­лары: тех­но­логиялық фор­сайт, адами әле­уетті озық дамы­ту, ай­мақ­тар қа­жет­ті­лік­теріне же­­дел әрекет ету» атты әдіс­те­мелік се­минар-тренинг өт­ті. Іс-шара Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігінің Жо­ға­ры білімді дамыту ұлттық орталығымен бірлесіп ұйым­дастырылды.

Инновациялық білімнің жаңалығы

Екі күнге созылған семинар­да инновациялық оқу бағдар­ла­маларын әзірлеу мен сараптау мәселелері, ERG-мен білім алу: triple helix model –  жұ­мыс берушілер мен білім­ меке­мелерінің өзара байланы­сы­­­ның жаңа форматтары, сонымен қа­тар білім бағдар­ла­мала­рын ­әзір­­леуде практика­­лық сессия­лар мен пән­дер сипат­тамалары қа­растырылды.

«Біз дәстүрлі мамандықтар технология, цифрлық сауатты­­лық пен креативтілікті талап ете­тін жаңа мамандықтар­мен ал­масқан кезеңнің табалды­ры­ғын аттағалы тұрмыз. Бұл үрдіс мамандықтың маңы­зын өзгер­тіп қана қоймай, білім беру әдісте­рін өзгертуді де талап етеді. Жасан­ды интеллект пен роботтандыру дәстүрлі үрдістерді орындау жолын өз­гертіп, рөлі мен қызметін қайта қарауға түрткі болады. Шаблон­­ды емес әдістер мен тәсілдерді пай­далану, командада конструк­­­тивті әрекет ету дағдылары мен ұқып­­ты өн­ді­ріс қағидаттарын жүзеге ­асы­ру арқылы мәселелерді анық­­тап, шешу негізгі құзыреттілік­тер­­­ге айналды», дейді С.Торай­ғы­ров университетінің ректоры ­Еркін Садықов.

Семинарға еліміздегі жо­­ға­ры оқу орындарының прорек­торлары, оқу-әдістемелік бас­қар­малардың басшылары, оқу хатшылары мен оқу-әдістеме­лік басқармаларының мүшелері, білім бағдарламасының әзір­леу­шілері қатысты.

Сондай-ақ тренинг аясын­да Жоғары білім ұлттық ор­та­лы­ғы, Ең­бек және халықты әлеумет­тік қор­ғау Еңбек ми­нистр­лігі­нің орталығы, «Sam­sung Electronics» компания­сы, «MATRIZ» қауымдастығы, ERG ­топ­­тары, «IncomCom­pa­ny» ЖШС ­өкілдері сөз алып, түр­лі сала­дағы үдерістер туралы ай­тып, тәжірибелері­мен бө­лісті. Жаңа мамандықтар­ды иге­ру­ге көмектесетін табыс­ты инно­ва­циялық білім бағдарламасы бо­йынша мысалдар таныстырды.

Айта кетейік, С.Торайғыров университеті жаңа мамандық­тар атласы бағдарламасын жү­­зеге асырады. Жоғары оқу ор­нында еңбек нарығында сұра­ныс­қа ие 12 инновациялық бі­лім бағдарламасы әзірленген. 2022 жылы, С.Торайғыров уни­вер­ситеті еліміздегі алғашқы екі ин­­но­вациялық білім бағ­дар­­ламасын іске қосқан бі­рін­ші жо­ғары оқу орны атанды.