Ауа райы • 11 Маусым, 2024

Аптап ыстық, жауын-шашын: Бүгін ауа райы қандай болады?

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аптап ыстық, жауын-шашын: Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: stan.kz

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 11-12 маусым күндері жауын-шашын еліміздің шығыс аймақтарында күтілсе, 13 маусым күні Қазақстанның орталық бөліктерінде жаңбыр жауады. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде термометр бағаны +20+25°С көрсетсе, шығыс пен орталық аймақтарда ауа температурасы +22+32°С-ден  +18+26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік аймақтарында аптап ыстық +33+40°С-ден +25+35°С дейін төмендесе, батыс өңірінде термометр бағаны керісінше +33+40°С дейін жоғарылайды деп болжанған. 

Соңғы жаңалықтар