Ел газеті «Егемен Қазақстанның» 95 жылдық биігінде басылымның белді журналистері де марапатталуда. Таяуда газет шолушысы Сұңғат Әліпбай «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атанды. Журналиске құрметті атақты қала әкімі Темірбек Қасымжанов табыс етті.
– Менің журналистік жолым өте бай. Себебі, алғашқы еңбек жолымды аудандық газеттен бастадым. Журналистік ғұмырымда ауданнан республикалық деңгейге дейінгі баспалдақты жүріп өттім. Өзімді баспасөз саласындағы бақытты жандардың қатарына жатқызамын, – деді С.Әліпбай.
Ол аудандық газетте тілші, бөлім меңгерушісі, аудандық радио хабарларын ұйымдастырушы, Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінің Зайсан, Марқакөл, Күршім аудандары бойынша меншікті тілшісі, облыстық газеттің редакция аппаратында тілші, аға тілші, экономика бөлімінің редакторы болды. Кейіннен «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің экономикалық шолушысы ретінде көптеген талдамалық мақалалар жазып, түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Оқырмандар қарымды қаламгер, жүйрік журналист деп білетін әріптесіміз өзінің жастық шағы өткен, журналист ретінде қалыптасқан Өскемен шаһары әрдайым жүрегінің бұрышында тұратынын жеткізіп, жерлестерінің ыстық ықыласы үшін ризашылығын білдірді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

«Біз берілмейміз»: Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:53
Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 09:50
Отандық дәрі-дәрмек үлесі шамамен 40 пайызға жетті
Медицина • Бүгін, 09:44
Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жотасына аттанды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Куба президенті АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады
Әлем • Бүгін, 09:33
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 08:54
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Футбол • Бүгін, 08:24
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:13
Адамға ұқсас роботтарды дамыту: Оңтүстік Корея ауқымды жобаны іске қосты
Әлем • Бүгін, 08:00
Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында
Әлем • Бүгін, 00:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды
Қоғам • Бүгін, 00:15
Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Спорт • Бүгін, 00:08