Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Венесуэла Боливариан Республикасының Халықаралық қатынастар жөніндегі министрі Дельси Родригеспен оның Астанаға ресми сапары шеңберінде келіссөз жүргізді.
Бұл Венесуэла сыртқы саясат ведомствосы басшысының Қазақстанға жасаған алғашқы сапары екенін айта кету керек. Кездесу барысында тараптар экономика, сауда, инвестиция, энергетика және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара ықпалдастық мәселелерін талқыға салды. Е.Ыдырысов өз сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқандығына назар аударта келіп, жаңа әріптестер ретінде қатынастарды тереңдету жоспарына екпін берді. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан мен Венесуэла сыртқы саясат ведомстволары басшыларының Саяси консультациялық тетігін орнату жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы маңызды.
Сондай-ақ, екі ел көпжақты пішімде де өзара ықпалдасып келеді. Атап айтқанда, Венесуэла – еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу бастамаларын қолдаған ел. Қазақстан да Венесуэланың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігін қолдағандықтан, еліміз сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз әріптесін үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап мәртебелі мейманды мүшелікке қабылданғандықтарымен де құттықтады.
Еліміз сыртқы саясат ведомствосының басшысы сөз реті келгенде Қазақстан мен Венесуэла интеграциялық қадамдардың қолдаушысы екенін де ортаға сала кетті. Оның айтуынша, Венесуэла Латын Америкасы құрлығында интеграциялық алаңдардың белсенді қатысушысы болса, Қазақстан басшысы Еуразия кеңістігіндегі интегратор болып табылады. Олай болса, мұндай игі қадамдар елдер арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттырудың факторы да. Осы тұрғыдан келгенде, жаңадан іске кіріскен Еуразиялық экономикалық одақ оған қосымша мүмкіндіктер береді.
Оның үстіне, Қазақстан мен Венесуэла мұнай-газ өндіруші елдер болғандықтан, осы салада да ынтымақтастық аса маңызды. Тіпті, Қазақстанға осы елдің мұнай-газ саласының министрі ере келгені де белгілі болды. Жалпы, бұл сапар өзара ықпалдастыққа бастайтын мүмкіндіктер туғызуы тиіс. Қазақстандық әріптесінің сөзін қуаттаған Дельси Родригес бұл сапардың елдер арасындағы ынтымақтастыққа оң серпін береріне сенім білдірді. Артынан Қазақстан мен Венесуэла сыртқы саясат ведомстволарының Саяси консультациялық тетігін орнату жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі болып өтті.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

«Біз берілмейміз»: Иран президенті қатаң мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:53
Қарағандыда қайғылы оқиға: Жасөспірім 8 жастағы қызды мотоциклмен қағып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 09:50
Отандық дәрі-дәрмек үлесі шамамен 40 пайызға жетті
Медицина • Бүгін, 09:44
Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жотасына аттанды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Куба президенті АҚШ-ты «геноцидтік блокада» жүргізіп отыр деп айыптады
Әлем • Бүгін, 09:33
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 08:54
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Футбол • Бүгін, 08:24
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:13
Адамға ұқсас роботтарды дамыту: Оңтүстік Корея ауқымды жобаны іске қосты
Әлем • Бүгін, 08:00
Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында
Әлем • Бүгін, 00:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды
Қоғам • Бүгін, 00:15
Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Спорт • Бүгін, 00:08