Қоғам • 14 Маусым, 2024

Гарвард жұмысқа шақырды

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назгүл Сәкен Германиядағы Гейдельберг университетінде докторантурада оқып жүр. Оқуы жуыр­да аяқталады. Ол бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін зерттеп, жаңа әдіс тапқан. Биылғы наурызда Гарвардта докторлық диссертация­сын ұсынған-тұғын. Оның жұмысы шетел ғалымдары арасында үлкен қызығушылық туғызды. Жақында Назгүл Гарвард университетінде жұмыс істеуге шақырту алды.

Гарвард жұмысқа шақырды

Назгүл NIS-ті үздік аяқтап, Назарбаев университетінде биология мамандығына түскен. Онда сапалы білім алды. Ал магистратураны Францияның Париж-Саклэ зерттеу университетінде оқыды. Қазір оқумен қатар Германиядағы Еуропалық молекулалық биология зертханасында ғылыми қызметпен айналысады. Бес жылдан бері анти­био­тиктерге төзімділік сала­сында ғылыми зерттеу жүр­­гі­зіп келеді.

– Кейінгі 30 жылда жаңа антибиотиктерді табу баяулап, керісінше, оларға деген бактериялардың төзімдігі қар­қынды өсті. Нәтижесінде, 2019 жылы қолданыстағы анти­­био­тиктердің әлсіздігінен 1 мил­лионнан астам адам қайтыс болды. Оған қоса, бір анти­биотикке бактерияның төзімділігі басқа антибиотиктерге де ұлғайған төзімділігіне апарып, одан сайын мәселені ушықтырады. Себебі емге қолданылатын антибиотиктер саны азаяды. Бір ғажабы, дәл сол бір антибиотикке бакте­рия­­ның төзімділігі басқа­ша, – дейді жас ғалым.

Бұл әдістің аты – «химия­лық генетика». Ғалым­ның айтуын­ша, өте жүйелі, жылдам әрі ауқымды. Ерекше әдіс бұ­рын­ғы­дан 6 есе көп жаңа антибиотик жұптарын әлеуетті ем ретінде ұсынады. Сонымен қатар антибиотик жұп­тарына бактерия кейде төзімді, ал кейде неге сезімтал болатынын генетикалық тұр­ғыда анықталған. Жаңа әдіс­пен белгілі механизмдерді растап, жаңаларын ашты. Осы ізденіс болашақта адам өмі­рін сақтап, ғаламға пайдасын әкел­мек.